Шымкентте «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов қатысып, төтенше жағдайда қажетті құрал-жабдықтармен танысты. Сонымен қатар, өзге өңірдегі басшылармен тікелей байланысқа шығып, өзара іс-қимыл мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтады.
Үшінші мегаполисте «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бастау алды. Мақсат — зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру болды. Іс-шарада азаматтық қорғау қызметтерінің жиыны ұйымдастырылып, арнайы құрал-жабдықтардың таныстырылымы өтті. Мұнда өзге өңірлерден келген өндіруші компаниялар заманауи дрондар мен құтқару, медициналық көмек көрсету және апаттық жағдайларда қолданылатын техникаларын ұсынды.
Жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтерді жүзеге асыру, бөлімшелерді толық дайындыққа келтіру бойынша сөз қозғап, алдын-алу жұмыстары пысықталды. Жауаптылардың айтуынша, Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде танылған. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын қайта қарап, бірнеше өңірлерде халықты құлақтандыратын дабыл жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, жойқын жер сілкінісін жою үшін әр өңірлерге жекеленген сценарий дайындалды.
Ирисмат Махмудов, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы: «Шымкент қаласында төтенше жағдайға қатысты барлық техникамен қамтылған. Өткен аптада 40 техника алдық. Қазіргі таңда депо салынады. Құжаттары дайындалған. Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатамыз. Жер сілкініснен кейін, ғимараттар қирайды. Тіршілікті қаматамасыз ету көздері тоқтайды. Теміржол, автокөлік жолдары жабылады. Барлық жоюға арналған жабдықтармен, аман қалған халықты қауіпсіз жерге шығару».
Жауаптылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындары төтенше жағдай кезінде халықтың әрекет ету жолдарын пысықтайды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтауға үйретеді. Бұдан бөлек, зардаптарды азайтады дейді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.
Айта кетейік, республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған, жалпы сыйымдылығы 4 200 адамға дейін жететін шатырлы қалашық құрылды.
Нұргүл Жолымбетова