Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 15 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткізді. Іс бойынша 15 адам жауап беріп жатыр. Олар заңсыз жүргізуші куәліктерін жасады деген айып тағылған.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 15 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарай бастады. Кемі 500 адамға заңсыз жүргізуші куәлігін берді деген күдікке ілінгендер сотта Қылмыстық кодекстің «Заңсыз сыйақы алу», «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабымен жауап беріп жатыр.
«Қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өткізу туралы талап тілегін қарап анықтады».
Алдын ала тыңдау кезінде 13 сотталушы соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады. Олар қамаудан босатып, үйқамаққа жіберуді өтінді. Бұған қатысты бірнеше себеп аталған. Мысалы, түрмеде жатқан сотталушының бірінің денсаулығы нашарлаған.
Самидин Темірәлиев, судья: «Сот іске қатысушылардың пікірлерін тыңдап іс материалдарын зерттеп адвокаттардың талап-тілектері төмендегідей жағдайда қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деп есептейді. Машировтың КУИС-ке қарасты 63 мекемесіне арнайы медицина мекемесі қадағалайды. Алайда аталған мекеменің әкімшілігінен Мурашиловтың денсаулығына байланысты бұлтартпау шарасы қажеттілігі туралы ұсыныстар түскен жоқ».
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болып жасады деп күдіктелген қалған 12 сотталушы да үйқамаққа жіберілмейтін болды.
Айыпталушылар мен олардың адвокаттары өздерін фото-видеоға түсіруге қарсы болды. Істі қарау 20 тамызға қалды. Бұдан тұрын Шымкент қалалық прокуратурасы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшылығы мен қызметкерлерінің заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеуге жол берген 15 адамға қатысты істің сотқа жеткенін хабарлаған.
Прокуратура дерегінше, күдіктілер бұл қызметі үшін 150 мың теңгеден бастап 400 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Сөйтіп айпталушылардың табысы 150 миллион теңгеден асқан.
Дилара Иса