865 млн. теңге: Шымкентте 9 мектептің материалдық-техникалық жабдықтары толықтай жаңартылады

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру мекемелерін дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда қала мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Аталмыш жұмыстар, оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлы білім алуына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстардың жылдам әрі, уақытында орындалуына депутаттарда ат салысып жатыр.

Қала әкімдігі мен білім басқармасының мәліметіне сәйкес, мектептердегі барлық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін толық аяқталып, оқу процесі қалыпты жағдайда басталады. Осыған орай, кейбір білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстардың басы қасында мәслихат депутаттары да жүр.

Олар мектептің қауіпсіздігінен бастап, инфрақұрылымы, кабинеттерімен спорт, оқу залдарын бақылап, дайындықтарын көзбен көріп қайтты. Мәселен, № 75 мектеп-гимназиясында болып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Аталмыш мектеп түгелдей күрделі жөндеуден өткен. Оның ішінде балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, есік-терезелер де толық ауыстырылған. Сонымен қатар, инфрақұрылымы жаңартылып, кабинеттер мен спорт залдары да су жаңа кейіпке енген. Тіпті, балаларға қажетті техниалар мен материалдық жабдықтарда жаңартылады. Ол үшін, тиісті қаржы қаралған.

Тұрар Саутов, Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы: «2025 жылы бүгінгі күні 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл Президент тапсырмасына сәйкес, реновациясынан өткізу бағдарламасына енген. Яғни, қосымша ғимараттан бөлек, материалдық техникалық базасын жаңарту жұмыстары қаралатын болады. Бүгінгі күнде 9 мектептің өзініе 865 млн. теңге қаралып отыр. Бұл дегеніңіз, жалпы 9 мектепте 200 — ге жуық кабинеттер жаңа материалдық техникамен қамтылатын болады. Яғни, ғимаратпен қоса, жабдықтарда жаңарады деп отырмыз. Мәслихат депутаттарымның қолдауымен қаржы қаралды. Бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу процедурасы жүріп жатыр. Қыркүйек айын дейін қамтамасыз етіледі».

Сонымен қатар, депутаттар, балалардың бір сыныпта 25 оқушыдан аспауын талап етті. Олардың айтуынша, жасөспірімдер қысылып, тар жерге тамаша болмауы тиіс.

Айта кетейік, № 75 мектеп-гимназиясында 1100 бала білім алуда. Олар екі ауысыммен оқиды. Балалардың қауіпсіздігі үшін 30 — дан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар, интернет желісімен толықтай қаматамасыз етілген.

Нұргүл Жолымбетова