Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мектеп сөмкесімен қамтамасыз етілді

фото informburo.kz

«Баланы мектепке дайындайық». Осындай атаумен «Аманат» партиясының депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал жабдықтарын алып берді. Бұл игі бастама тамыз айының соңына дейін жалғасын таппақ. Әзірге 1400 бала мектеп сөмкесін алды.

Баланы мектепке дайындайық акциясы аясында 200 — ге жуық оқушы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Олар әлеуметтік осал топ, көпбалалы және ерекше балалар бар отбасылардың балалары. Олардың бірі  — Гүлбақыт Маденова. Ол екі ерекше баланың анасы. Айтуынша ерекше бала өсіріп отырған ана үшін бұл үлкен көмек. Сондай-ақ, ана 300 ерекше балалары бар ұйымның атынан да келген.

Гүлбақыт Маденова, Ата-ана: «Нұршуақ мөлтек ауданының тұрғыны боламын. Қазіргі таңда мектепке жол акциясын ұйымдастырған «Аманат» партиясына алғысымыз шексіз. Біз ерекше балалар ата-аналары ұйымының админі боламын. Біз 35 баланың тізімін бердік, барлық 35 баланы қамтыды. Рақмет Мұрат мырзаға Алланың нұры жаусын. Оның қол астындағы қызметкерлерінің барлығына біз алғысымыз шексіз. Бұл бір ғана акциядан көмек алып отырған жоқпын. Қай кезде болмасын көмек сұрағанда көмек көрсетуге дайын».

Осындай игі бастамаға мұрындық болған «Аманат» партиясының депутаттары бүгінде 1400 балаға мектеп сөмкесін таратып үлгерген. Жоспар бойынша тамыз айының соңына дейін әлі 600 дей баланы қамтамасыз етеміз деп отыр.

Мұрат Жолдыхожаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында жақында мектепке даярлық акциясы аясында «Аманат»  партиясы қазіргі таңда осындай 1400 балаға сөмке берген болатынбыз. Енді алдағы уақытта жоспарымыз 2000-ға  жеткізсек па деген ниетіміз бар. Енді бұл жердегі балалар мынау әрбір аудандарда, ауыл билері белсенділері менен мынау білім саласыменен жағдайлары кішікене төмен отбасыларға өзіміздің осы партияның атынан, жеке кәсіпкерлердің атынан, осындай іс-шара жасап осындай беріп жатқан жайымыз бар».

Бұдан бөлек, балалар аниматормен ойын ойнап, көңіл көтерді.  1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде оқушылар үшін жеке қауіпсіздік тақырыбында қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл бастама балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйретуге бағытталған. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу, киберқауіпсіздік, алғашқы көмек көрсету сабақтары да үйретілмек.

Ботакөз Әнуар