«Ата заң-тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелеу үстел өтті

«Ата заң -тәуелсіздік тірегі». Осындай атаумен Шымкент қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы қоғамдық түсінікті арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызын талқылау және Ата заңның ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін насихаттау. Жиынға қала прокурорлары, саяси партия төрағалары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

«Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел барысында Конституция нормаларының қоғамдағы орны, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары және заңнама саласындағы өзекті мәселелер қозғалды. Жиын еркін пікір алмасу форматында өтіп, прокуратура өкілдері соңғы жылдардағы маңызды реформалардың бірі ретінде азаптау фактілерін тергеу құзыретінің прокуратураға берілуін ерекше атап өтті.

Бұл бастама құқық қорғау жүйесінде ашықтық пен әділеттілікті арттыруға бағытталған дейді жауаптылар. Бүгінде құқық қорғау мекемелері бейнебақылау жүйесі толық қамтамасыз етілген. Тергеу изоляторлары, уақытша ұстау абақтылары мен полиция бөлімшелері бейнекамералармен толық жабдықталған.

Жанерке Атықаева, Шымкент қалалық прокуратурасының ресми өкілі: «Қала прокуратурасы бірқатар жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Атап айтқанда азаптауларды дер кезінде анықтау үшін, арнайы алгоритм енгізілді. Ол үш кезеңнен тұрады. Олар – ұсталған тұлғаларды прокурордың жеке сұрауы, бұлтартпау шарасын санкциялау кезінде күдіктілермен тілдесу, қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда қайта сұрау. Сонымен қатар, құқық қорғау ғимараты юбейнекамералар орнатылды. Әрбір соқыр аймақтарда камеарлармен жабыдқталды. Әрбір полиция басқармасына туыстары немесе, қорғаушысы құқыбұзушылықты хабарлау үшін тікелей прокурорға қосатын домофондар орнатылды. Прокурорлар тәулік бойы бейнежетон арқылы тіркеп отырады».

Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар ел Конституциясының маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолдары және азаматтардың құқықтарын қорғау туралы ойларын ортаға салды. Айтуларынша, жастарды әсіресе сарбаздарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге ат салысу қажет дейді.

Салтанат Оспанова, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрайымы: «Біздің тәртіптің заңның аясында, колледжерде, білім беру мекемелерінде жас мамандарға , әскери патриоттық тәрбие беріп жатырмыз. 12 айлық мерзімді әсерге келгендерге сарбаздарға ерлік сабағын өтеміз. Әрбір ер азамат, отан қорғауға міндетті».

Айта кетейік, 2023-2024 жылдары Шымкент қаласында азаптау фактісіне қатысты ешқандай іс тіркелмеген. Ал жыл басынан бері 1 азаптау ісі орын алған. Десе де, бұл факт ақталатын негізде тоқтатылған.