Шымкентте дәрігерді балағаттап, ұрған зейнеткер әкімшілік жауапқа тартылды. Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды. Жауапкер кінәсін мойындап, өкінетінін білдірген.
Шымкент қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрсәт ықшам ауданындағы перинаталды орталығындағы босану бөлмесінде акушер гениколог дәрігерді балағаттап, шапалақпен ұрған зейнеткердің ісі қаралды. Зейнеткер «Ұсақ бұзақылық» жасады деген күдікке ілінген.
«13 шілде күні таңертең Шымкент қаласы Нұрсат шағын ауданында орналасқан перинаталдық орталығының 2 қабатындағы 3 босану бөлмесінде акушер-гинеколог дәрігерге зейнеткер балағат сөздер айтып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдірген. Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке 2 тұлғаның тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген»
Сот кабинеті жүйесі
Сотта зейнеткер айыбын толық мойындаған, өкінетінін айтқан. Оның айыбы іс құжаттарымен дәлелденген.
«Зейнеткер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған 55 048 теңге айыппұл салынсын. Айыппұлды, қаулы заңды күшіне енген күннен бастап өз еркімен отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс»
Сот кабинеті жүйесі
Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жауапкердің зейнет жасында екенін ескерген. Оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салғанымен, заңға сай айыппұлдың отыз пайызын қысқартқан. Сот заңды күшіне енбеген.
Дилара Иса