Түркістан қаласында 36 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 34 аптасында бірнеше диагнозбен облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Тексеру нәтижесінде бала жолдасының жатыр және қуық қабырғасына ене өсуі мен жатыр тыртығы, кіндік бауының ұрық мойнына 1 рет оралуы, гестациялық гипертензия диагнозы анықталды. Бұл жағдайлар “Placenta percreta PAS III” асқынуларына әкелген.
Дәрігерлер науқасқа кесар тілігі арқылы ота жасап, сәбиді аман алып қалған.
Перинаталдық орталық дәрігерлерінің командалық жұмысы мен дер кезінде медициналық көмек көрсетуінің нәтижесінде жүкті әйелге күрделі ота жасалып, қалыпты жағдайда босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды. Қазіргі уақытта ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.