Шымкенттегі Абай ауданы әкімдігі уақытша өзге ғимаратқа көшіп, қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Ал бұрынғы өртенген ғимаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті тексеріп жатыр. Тексеру біткен соң құрылыс басқармасы жөндеу жұмысын байтайды.
14 тамызға қараған түні шатырынан өрт шығып, отқа оранған Абай аудандық әкімдігі қызметкерлері өзге ғиматарқа көшті. Енді олар жұмысын уақытша Нұрсәт ықшам ауданындағы бұрынғы Қаратау әкімдігі ғимаратында жалғастырады.
Шерхан Кеңес, Абай ауданы әкімдігі апаратының басшысы: «Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Тәуке хан даңғылы 3 мекен-жайында орналасқан ғимаратта осыған дейін 3 мекеме отырды. Оның бірі Абай ауданы әкімдігінің аппараты. Және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалы отырды. Аталған үш мекеме де үш жерге уақытша орналасты. Оның ішінде Абай ауданы әкімдігі Бәйдібек би даңғылы 60 мекен-жайға орнласты».
Әкімдік жаңа мекен-жайы туралы бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы хабарлама таратқан. 1200 шаршы метрлік шатыры өртке оранған бұрынғы әкімдік ғимаратына қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті тексеру жұмысын бастаған. Өрттің шығу себебі анықталып, салдары есептелуде. Ал жөндеу жұмысын қалалық құрылыс басқармасы жүргізеді.
Шерхан Кеңес, Абай ауданы әкімдігі апаратының басшысы: «Төтенше жағдайдың салдарынан әкімшіліктің екінші қабатындағы су тиген құжаттар, техникалар болды. 10 шақты компьютерге су тиді. Ал ешқандай құжаттар өртеніп, залал келген жоқ. Бүгінгі таңда өздеріңіз білесіздер. Барлық айналым электронды түрде ауысқан. 100 пайыз біз электронды құжат айналымымен жұмыс жасаймыз. Ешқандай құжаттар өртенген жоқ».
Ресми мәліметке қарағанда, Абай ауданы әкімдігінде 70-ке жуық адам жұмыс істейді. Олардың 44-і мемлекеттік қызметкер. Әкімдік ғимараты 1954 жылы салынған. Соңғы уақытта күрделі жөндеуден өтпеген. Айта кетейік, өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Дилара Иса