Көксай шағынауданындағы 8 отбасы баспаналы болды

Көксай шағын ауданындағы 8 отбасы баспаналы болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарға су жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышқа бөледі. Олар бұл мүмкіндікке реновация бағдарламасының аясында қол жеткізіп отыр. Қалалықтардың қуанышымен бөлісіп қайтқан тілші бейнематериалында.

Нұрлыбаев көшесі №3 үйдің тұрғындары су жаңа пәтер кілтіне ие болды. Олардың бірі — 6 баланың анасы Әсел Ұлбесова. Олар бұған дейін тозығы жеткен 3 бөлмелі үйде тұрып келген. Бүгінде кең, әрі жайлы баспанаға көшті. Су жаңа пәтерге қол жеткізген келіншектің қуанышында шек жоқ. Ең бастысы, жаңа баспанамыздың маңында балабақша, мектеп, дүкен бар деп отыр.

Әсел Ұлбесова: «Осы жерде 18 жылдан бері тұрдық. Барлығымыз ризамыз. Шымситиден берп жатыр. Құжаттарын бәрін тексеріп, көріп жтырмыз. Өте жақсы. Әкімнің қолдауымен ғой».

Бұл жұмыстар қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жаңғырту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған тұжырымдама былтыр іске қосылған болатын дейді ұйымдастырушылар. Реновация бағдарламасының басты мақсаты, тозығы жеткен үйлерді бұзып, тұрғындарды бөлме саны тең, заманауи талаптарға сай әрленген жаңа пәтерлерге көшіру.

Марат Томпаев, ӘКК төрағасының орынбасары: «Реновация бойынша ескі пәтерлерді бұзып, инвесторларды тартып, жаңа аудан саламыз. Біз бұған дейін 7 үйді көшірдік. Осы Көксайда. Қазір 8 пәтер беріп жатырмыз. 4 үш бөлемелі. 4 екі бөлмелі пәтерлер».

Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, шағынауданды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары көзделіп отыр. Бұған дейін де бірнеше отбасы су жаңа пәтерлерге ие болған еді. Айта кетейік, баспана, Тұран, Шымсити шағын аудандарынан берілуде.

Нұргүл Жолымбетова