Көксай шағынауданындағы 8 отбасы баспаналы болды

фото ШӨКҚ

Көксай шағынауданындағы 8 отбасы баспаналы болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі №3 үйдің тұрғындары тұрғындарға су жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышқа бөледі. Олар бұл мүмкіндікке реновация бағдарламасының аясында қол жеткізіп отыр.

6 баланың анасы Әсел Ұлбесова. Олар бұған дейін тозығы жеткен 3 бөлмелі үйде тұрып келген. Бүгінде кең, әрі жайлы баспанаға көшті. Су жаңа пәтерге қол жеткізген келіншектің қуанышында шек жоқ. Ең бастысы, жаңа баспанамыздың маңында балабақша, мектеп, дүкен бар деп отыр.

Бұл жұмыстар қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жаңғырту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған тұжырымдама былтыр іске қосылған болатын дейді ұйымдастырушылар. Реновация бағдарламасының басты мақсаты, тозығы жеткен үйлерді бұзып, тұрғындарды бөлме саны тең, заманауи талаптарға сай әрленген жаңа пәтерлерге көшіру.

Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, шағынауданды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары көзделіп отыр. Бұған дейін де бірнеше отбасы су жаңа пәтерлерге ие болған еді. Айта кетейік, баспана, Тұран, Шымсити шағын аудандарынан берілуде.

Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімнің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Халықпен кездесулердің бірінде жергілікті тұрғындар ауыз суға тұрақты қолжетімділіктің жоқтығына назар аударған болатын. Жоба 130 абонентті сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталып, 14 шақырым су құбыры жүргізілді. Нәтижесінде, ұзақ жылдар бойы таза ауыз суға қол жеткізуді күткен тұрғындар сапалы сумен қамтамасыз етілді.

Жергілікті халық үшін бұл – өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ауыл тұрғындары игі іске мұрындық болған жергілікті билік пен мердігер ұйымдарға алғыстарын білдіріп, ауыз су – тіршіліктің негізі екенін атап өтті.

Айта кету керек, тұрғындардың қуанышымен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі бөлісіп қайтты. Мегаполис басшысы жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қала әкімі демеушілер мен мердігер ұйымдарға көрсеткен әлеуметтік жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде жергілікті халық санитарлық талапқа сай таза, үздіксіз ауыз суға қол жеткізді.

Нұргүл Жолымбетова