Конституцияның 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Інжу тойы

фото ХҚКОБҚ

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 30 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылардың некесі салтанатты түрде тіркелді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналды. Конституция – мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығының, өркендеуінің нышаны. Салтанатты түрде інжу той иелеріне неке куәлігі табысталды.

АХАТ басқармасының басшысы Ақбота Карнакбаева ерлі-зайыптыларды мерейтойымен құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
«Отбасы – қоғамның іргетасы. Конституцияның 30 жылдығы аясында біз тағы да мықты отбасылық құндылықтардың мемлекет тірегі екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз жас ұрпаққа үлгі болсын», – деді өз құттықтауында басқарма басшысы.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері 7 ай ішінде Шымкент қаласында 4 мыңнан астам неке тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, неке қиюға өтінімді азаматтар АХАТ бөлімдерінде немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн форматта бере алады.