Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына шамамен 20 млрд. теңге аударылды

фото ӨКҚ
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
2025 жылы көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.
Бүгінде Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, 100% отбасы көмек алды.
«Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударуда. Көмек алғандар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.