Биыл қазақ руханиятының шамшырағы хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Елімізде бұл мерейтойды 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр. Шырайлы Шымкент қаласы да Ұлы ғұламаның 180 жылдығын ерекше салтанатпен атап өтуді бастап кетті.
Шымкент қаласында Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке Абай саябағында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік рәсімде бүлдіршіндер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар 2009 жылы ашылған «Хакім Абай» музейін аралап, ақын шығармашылығымен, аудармаларымен және заманының тұрмыс-салтымен танысты.
Жансая Қайып, Абай орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: «Бүгін Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына кітап көрмесі қойылды. Абай Құнанбайұлының кітаптары бірнеше тілге аударылған. Неміс тіліне, орыс тіліне, Абайдың қара сөздерін өзбек тіліне аударған. Және осы жерде қара сөздері топтастырылған. Кітап сөремізде Абай өмірін, шығармашылығын зерттеген ғалымдардың кітаптары қойылған. Тоқталып өтер болсақ бұл кітап жақында ғана шығарылды. 180жылдығына орай. Транскрициясымен сүйеніп жазылған».
Абай күнінде тек концерттік бағдарлама мен байқаулар ғана емес, көрме де ұйымдастырылған. Абай жолынан осындай суреттер қойылған. Және мұндағы ерекше болып көрінген мына тас. Бұл қарапайым тас, дегенмен Абай атамыз осы тас үстінде сөйлеп, оның үні халыққа және әлемге тараған.