Шымкентте полицейлер маңызды кездесу өткізді

фото ШПД

 

«Заң және тәртіп» қағидаты негізінде  Шымкент қаласы Полиция департаменті және қала әкімі аппараты тероризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмысын қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қopғay» тақырыбында, көлік инфрақұрылымы объектілері басшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында автомобиль көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты кенінен түсіндіріліп, жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер мен күдікті зат табылған кездегі персоналдық және басқа да іс-кимылдары сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы объектілері басшыларына бейнебақылау камераларды қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау мәселесін қарастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара аясында мекеме басшыларына арнайы әдістемелік материалдар таратылып, инженерлік-техникалық нығайту және қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы өздеріне тиісті нысандарда қандай қауіпсіздік шараларын күшейту қажет екенін бағалады.

Полиция қызметкерлері тарапынан сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарына күнделікті келушілер мен қызметкерлерді тексеру, кіру мен шығу тәртібін реттеу, бөгде адамдардың еркін кіруін болдырмау, күзет қызметінің жұмысын жүйелеу туралы кеңестер берілді.

Бұл іс-шара Шымкент қаласындағы стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Құқық қорғау органдарының өкілдері алдағы уақытта да осындай форматтағы түсіндіру және оқыту жұмыстарын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Қалалық Полиция департаменті мен әкімдік өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бір ғана құқық қорғау органдарының емес, барлық мекемелер мен әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.