Шымкент ҚПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Ақпарат байланыс басқармасы, Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы Департаменті, қала әкімі аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмысын қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілеріне жатқызылған Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелері басшыларымен жиын өткізілді.
Жиын барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайту және жарақтандыру бойынша, объектілердің тиімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, ықтимал дағдарыстық жағдайларда уақытылы ден қою мақсатында, денсаулық сақтау объектілері басшыларына бейнебақылау камераларды қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау мәселесін қарастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жиын барысында терроризм қаупі төнген жағдайда не істеу керектігі, қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялау тәртібі, құқық қорғау органдарымен өзара байланыс орнату механизмдері де қарастырылды. Ұйымдастырушылар мекеме басшыларынан қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қарап, кемшіліктер анықталған жағдайда жою жөнінде нақты жұмыстар жүргізуді сұрады.
Жиын соңында қатысушыларға әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, болашақта осындай кездесулердің тұрақты өткізіліп тұратыны жеткізілді. Бұл іс-шара қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді шаралардың аса бір маңызды бөлігі болып табылады.
Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек полицей мен қорғау күштерінің атқарылатын қызметі ғана емес, ол баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті. Мұндай түсіндіру жұмыстары қаладағы барлық осал нысандарда кезең-кезеңімен жүргізілмек.