Шымкентте цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған «Digital Sana» форумы өтті. Форумға ІТ мамандары мен мен қала тұрғындары қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындардың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау, электронды қызметтерді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және жастардың инновациялық ойлауын дамыту.
Үшінші мегаполисте қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Digital Sana» форумы өтті. Шеберлік сабаққа 30-ға жуық қатысушы жиналды. Семинарға қатысушы жастар тек цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, күнделікті өмірге қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік алды. Соның бірі — Абылай Орынбай. Айтуынша, ол жиыннан күнделікті өмірде қажетті ақпараттарға қол жеткіздім дейді. Тіпті, қарапайым әрекеттердің өзі де қауіп төндіруі мүмкін екен деп отыр. Сондықтан, жеке деректерімізге абай болуымыз қажет дейді.
Абылай Орынбай. Форум қатысушысы: «Шымкент қаласында жалпы басқа мектептерге де қосу керек деп ойлаймын. Осындай форматта үйрету керек. Сонымен қатар қоғамдық орындарда вай фауларға кіре бермеу керектігін түсіндім. Мысалы, вайфайға кіргенде өзімнің карталарымды доступтарыма кіруге тиым салынатынын енді түсіндім. Жалпы осы жақтарынан өте пайдалы болды. Киберқауіпсіздік және ЖИ бойынша».
Ақпараттық сауаттылықты арттыру барысында түрлі мамандар ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың сөзіне сүйенсек, күніне 3 сағаттан артық желіде отыратын адам, әлеуметтік желінің белсенді қатысушысы. Яғни, мұндай тұтынушы күнделікті өмірін желіге салып, түрлі ақпаратпен бөлісіп отырады. Бұл пайдананушының өзіне кері әсер етеді дейді.
Бейбарыс Өмірзақ, Форум спикері: «Цифрлық сауаттылық қазіргі болып жатқан алаяқтық. Қаншама адам интернет арқылы алданып жатыр. Себебі цифрлық сауаттылықтары жоқ. Цифрлық сауаттылықты тек қана компьютерді дұрыс қолдану, алдында тамақ ішпеу деп есептейді. Алыс отыру деп ойлайды. Ал бірақ, негізгі сауаттылық өзінің ақпараттарын дұрыс қолдану, интернетте дұрыс жариялай алу. Өзінің жеке ақпараттарын бөлісіп жатқанда кімге жіберіп жатқанын, қандай ссылкаларға кіріп жатқанын дұрыс меңгеру және білу».
Мұндай жиындардың тұрғындардың құқықтық санасын қалыптастыруға қосар үлесі мол әрине. Өйткені алаяқтар қаптап кеткен бүгінгідей кезеңде құқықтық сауатты болу, соңғы технологиялардан хабардар болу артықтық етпейді.
Цифрлық мәдениетті қалыптастыру үшін ұйымдастырушылар, мұндай іс-шараларды аптасына 2-3 рет, ал 3 айда 1 рет көлемді жиындар өткізіледі дейді. Ал, қатысушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Тимур Қозыкеев: «Бізде Хабтың барлық қызметі тегін, тегін өткіземіз. Және одан басқа бізде компьютер, ноутбуктері жоқ адамдар біршама. Сол кісілер келіп бізге моноблог өтсе болады. Алдағы уақытта бізде жоспарланып жатқан жобалардың бірі ол Дрон эрендинг центрін ашуға. Ол бізде демек кез-келген адам келіп дронды қалай қолданатынын үйренуге болады».
Жиын жастардың жаңа технологияны дұрыс қолдануына жол ашып, олардың ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан, мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.