Шымкент қаласында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы орайда Шымкент қаласы Полиция депаратментінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандардың топтарын, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жүрген жасөспірімдерді анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара аясында бірнеше жасөспірімнің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүргені анықталып, олар Полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды. Кейбір жағдайларда ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Іс-шара аясында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, полиция және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орындары тексерілді. Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұратын «Қолайсыз отбасылар» және жасөспірімдердің тұрғылықты мекен-жайларынан профилактикалық бағыттағы тексеру жұмысы жүргізілді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай рейдтік шаралар балалар мен жасөспірімдердің құқықтық санасын арттыруға, олардың түнгі уақытта түрлі келеңсіз жағдайларға тап болу қаупін азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл жұмыс жасөспірімдердің қылмысқа тартылуын, беймезгіл уақытта құқық бұзуға ұрынуын болдырмаудың тиімді қадамы болып саналады.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында жиналған ақпарат алдағы уақытта да құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Шымкент қаласы Полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақыра отырып, түнгі уақытта олардың көшеде немесе қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеуді ескертеді.