Шымкенттің бас сәулетшісі қамауға алынды

Шымкент қаласының бас сәулетшісі, қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов қамауға алынды. Бейресми мәліметке қарағанда, оны ұлттық қауіпсіздік комитеті әкімдік ғимаратында ұстаған. Шенеуніктің қамауға алынғанын қала әкімдігі де растады.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Әлеуметтік желіде сондай ақпарат тарап жатқанын растаймыз. Ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейін орындаған жұмысына қатысты екенін мәлімдейміз».

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің таратқан ақапаратына қарағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Комитет өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлаған. Әбдешов қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметіне ақпан айында тағайындалған еді.

Дилара Иса