Сүйегі асыл, жүрегі батыл, пейілі дархан Ұлы даланың дана Анасы!

 

Кез-келген уақыттың ең нәзік, ең әділ таразысы – адам жүрегі! Әсіресе, өмірдегі ащы-тұщыға айрықша сезімтал Ана жүрегі! Өткен заманның бастан өткен барлық кезеңін көзбен көріп қана қоймай, бастан өткізе жүріп куә болған Аналар көші тарих қойнауына көшіп барады…

Сондай сүйегі асыл, жүрегі батыл, пейілі дархан, Ұлы даланың данагөй анасы атанған Жұпар апа Мәдуанқызы өтті өмірден. Асыл анамыз 1929 жылы мамыр айында Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол кісі 5 бала мен 10 немере, 27 шөбере мен 2 шөпшек сүйген. Ері Қауысбек Тұрысбеков саналы ғұмырын партия қызметкері, Шардара аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне арнаған.
Қасиетті Төле бабамыздың тікелей ұрпағы саналған Жұпар ана өз дәуірінде
отбасы мен айналасы ғана емес, күллі әулеті, қала берді халқы мен қоршаған қоғамының да қамын ойлап, жауапкершілікті ерлерден кем түспей мойнына алған ана!

Сөйтіп, аналық парызын ақыл-парасатымен қоса ауыр қол еңбегін арқалай жүріп, аса бір төзімділікпен өтеген жан еді.