Түркістан облысы Төлеби аудандық соты А., К., И., және 17- тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады. А., К., И. — қаржылық (инвестициялық) пирамидаға басшылық ету /ҚК-нің 217-бабының 2-бөлігі 3-тармағы/, 17-тұлға – қаржылық(инвестициялық) пирамидаға қатысушы/жәрдемдесуші /ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 217-бабының 2-бөлігі 3-тармағы/.
Сотталушылар А., К., И. «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесіне басшылық етіп, ал 17-сотталушы пирамиданы жарнамалау арқылы адамдарды шақырған.
2022-2023 жылдар аралығында сотталушылар «дәрілік препаратты әзірлеуге арналған қаражат» сылтаумен 279 жәбірленушіге жалпы 391 690 170теңге шығын келтірген.
Прокурор – сотталушыларға бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
6 сотталушы бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды, қалған сотталушылар ақтауды сұрады. Сот, сотталушылардың қылмыстық
жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, денсаулық жағдайларын, мінездемелерін, отбасылық жағдайларын, асырауындағы кәмелетке толмаған балаларының болуын таныды. Ауырлататын мән-жайларды анықтамады.
23 маусым 2025 жылы сот үкімімен: А., 7 жыл мерзімге, К., И. әр-қайсысы 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 16 сотталушы 2 жыл мен 3 жыл аралығында бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. К. 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасытағайындалып, ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігін қолдану арқылы жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап қою құқықтары танылып, оның мөлшері жөнінде мәселені азаматтық сот ісінде қаралатыны түсіндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.