Түркістан облысында 394 сібір жарасы ошағы тіркелген болса, оның 326-сының орны анықталған. Қауіпті ауру ошағы ұлттық парктердің аумағында да бар. Жалпы аймақта оннан аса қауіпті ауруға қарсы малға вакцина егіледі. Әрбір мал заңды түрде тіркелу керек болса да, тіркелмеген мал саны екі жүз мыңнан асқан.
«2025 жылы аса ауыр аурулардың профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспары белкітіліп, 10 түрлі ауруларған қарсы 19,8 миллион вакцина егі жоспарланды»
Түркістан облысы әкімдігінде өткен апталық мәжілісте мәлім болғандай, аймақта 394 сібір жарасы ошағы тіркелген. Оның 326 ошағының орны анықталған. 68 ошақтың орны әлі де белгісіз. Анықталған 394 ошақтың тоғызы шекара бөлу кезінде Өзбекстан аумағына өткен. Сібір жарасы ошағы ұлттық парктердің де аймағынан табылған. Мәселен, «Сайрам-Өгем ұлттық паркінде» — 7, «Ақсу Жабағылы ұлттық табиғы паркінде – 1 сібір жарасы ошағы тіркелген.
Ербұлан Жәнібеков, Түркістан облыстық ветеринария басқармасының басшысы: «Қалған облысқа тиесілі 309 ошақ заң талаптарына сәйкес қоршалып, арнайы белгі орнатылып ақпараттық жүйеге енгізілді. Диагностикалық іс-шаралар бойынша 882 мың бас ірі қара мал, 4 миллион 124 мың уақ малдан қан сынамалары алынды. Және витеринариялық зертханаларға жеткізу жоспарланып, ақпан-тамыз айында 558 мың бас ірі қарадан, 2 миллион 577 бас уақыт малдан қан сынамалары алынып, тексерілді».
Жалпы аймақта 10 аса қауіпті ауруға қарсы ветеринарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Мысалы, жоспарланған вакцинаның 81 пайызы салынған. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібековтің айтуынша, жүзге жуық ірі қара малдан, үш жүзге жуық уақ малдан ауру анықталған. Малдың бәрі санитарлық талаптарға сай жойылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шаруашылығының маңызына тоқталып, ветеринария саласындағы жұмысты ширатуды тапсырды.
Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі: «Облыс көлемінде ветеринериялық шараларды сапалы әрі мерзімді жүргізу керек. Заңсыз мал тасымалдау болмауы үшін тұрақты рейдтік шаралар жүргізуді тапсырамын».
Облыста ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруден өтпеген мал саны да анықталған. Әкімдік мәліметінше, сырғалары түсіп қалған және мүлдем бірдейленбеген 60 мыңға жуық мүйізді ірі қара мал, 125 мыңға жуық уақ мал және 20 мыңға жуық жылқы мен 31 мыңнан аса түйе анықталған.
Дилара Иса