Түркістанда полиция жоғалған балаларды ата-аналарына табыстады

фото ТОПД
Түркістан қаласы полиция басқармасының «102» пультіне Астана қаласының тұрғынынан қызының жергілікті базарлардың бірінде жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жоғалған жасөспірімді іздеуге жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жедел әрекет етті.
Тәртіп сақшылары көшелер мен базарға іргелес аумақтарды, сондай-ақ қыздың баруы мүмкін бағыттарды мұқият тексерді. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар базардағы дүкендердің бірінен жоғалған қызды тапты. Анасы қызын бутиктердің бірінің қасында қалдырып, басқа дүкенге кеткені анықталды. Ал жасөспірім базарда өз бетінше аралап кеткен. Полицейлер жоғалған қызды ата-анасына тапсырып, алғыс алды.
Дәл осы күні тәртіп сақшылары базарда жоғалған тағы екі кәмелетке толмаған баланы жедел тапқан. Тәртіп сақшыларының көрсеткен қызметі мен жеделдігі үшін туыстары ризашылықтарын білдірді.
❕Өз кезегінде полицейлер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, ата-аналарға балаларға мұқият болу және оларды қараусыз қалдырмау қаншалықты маңызды екенін ескертті.