Түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап, «Х…» экстремистік ұйымының насихатын жүргізген

фоо syrboyi.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы А.-ға ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен /экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру/ айып тағылған.
 
А. 2025 жылдың сәуір мен мамыр айы аралығында Шымкент қаласы бойынша департаменті No54 түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап, «Х…» экстремистік ұйымының көзқарастарына жататын радикалды жазбаларды оқып беріп, жиынға қатысушыларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген.
 
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.
 
Сот, жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында 5 жасөспірім балалары болуын, ал ауырлататын мән-жайларға қылмыстардың қайталануын жасағанын жатқызған.
Сот, А.-ны ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктерін қолданып түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.