«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

фото ШӨКҚ

 


Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Ата Заңым – Айбарым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
​Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдің негізгі заңы – Конституцияның маңызын ұғындыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
​Шараға Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, подполковник Камилхан Исмаилов қатысты.
​Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына тоқталып, оның қоғамдағы орны мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен айтып өтті.
Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқықтық бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан Конституциясының маңызды артықшылықтарының бірі – оның жалпыға бірдей танылған демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаттарға бағытталғандығы. Ел Конституциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғаумен қатар, заң үстемдігі, биліктің бөлінуі, заң алдында барлығының теңдігі сияқты заң үстемдігінің басқа да негізгі қағидаттары бекітілген. Мамандар осы жөнінде кеңірек тоқталып түсіндіріп өтті. Конституцияның үстемдiгiн қамтамасыз етудiң маңызды құқықтық кепiлдiктерiнiң бiрi – Конституцияның тiкелей әсер етуi, оны оның негiзiнде немесе оның нормаларын түсiндiру негiзiнде нақты құқықтық iстердi шешу мүмкiндiгi деп түсіну керек. Конституцияның беделі үшін Конституция нормаларын құқық қолдану тәжірибесінде қолдану өте маңызды. Мемлекеттiк органдар өзiнiң барлық iс-әрекетiн жергiлiктiң жоғары заңымен салыстыруды, қажет болған жағдайда оны тiкелей қолдануды үйренуi керек. Конституцияның тікелей әсері оның жоғары заңдық күші принципінің маңызды бөлігі болып табылады. Осы және өзге де тақырыптарды терең талдап, түсіндіріп өтті. Өз кезегінде жастар да өз тараптарынан түсінбеген тұстарын сұрап, ары қарай сұрақ жауап ретінде жалғасты.


​Іс-шара диалог формасында өрбіді. Қатысушылар еліміздің заңдарына құрметпен қарап, құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын атап өтті.