Жылу 23 пайызға қымбаттайды

Қыстың қамын жазда ойла. Шымкентте жылу маусымына дайындық аяқталуға жақын. Инвестициялық бағдарлама аясында «3-Энергоорталық» АҚ-ның қазандықтары мен турбиналарға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Орталық қыста тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Алдағы қыста тариф бағасы өзгереді ме? 

Биыл Шымкент қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшін «3-Энергоорталық» АҚ –на 189 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржы кәсіпорындардың қолданыстағы жабдықтарын жаңарту, жаңа құрал-жабдық сатып алу, қайта құру және күтіп ұстауға бағытталған. Мамандардың сөзіне сенсек, қазіргі таңда дайындық жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталған.

Бақыт Жолдыбаев, Бас инженер: «Жылдың басынан жаңағы айтқандай 2 күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазір үшінші кательді бітіріп жұмысқа қосты. Одан бөлек ағымдағы жөндеу жүріп жатыр. 1-ші, 2-ші турбина толықтай ағымдағы жөндеу.  Қалған жұмыстарды 20 қыркүйек пен 30 қыркүйек арасында бітіп қалады. Сол кезде қалған жұмыстарды толық бітіреміз. Жылу маусымына дейін бәрі бітеді».

Жауапты мамандардың айтуынша, жұмыстың басым бөлігі орындалған. Тек бірқатар жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ жауапты өкілдер тариф бағасының қымбаттағанын жеткізді.

Жарқынбек Шынықұл,  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы: «Осы 1 ші тамыздан бастап тарифтерге өзгеріс енгізілді. Өзгерістер енгізілу себебі газ бағасының қымбаттауына байланысты, статистикалық тауардың өсуіне байланысты қазіргі таңда қосымша құн салығынсыз 7230 тг болып бекітілді.  1квита калория үшін. 23 пайызға өскен».

Айта кетейік, мамандар, жылу бағасының өсуін, газ бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр.

Ботакөз Ануар