2011 жылы 5000 теңгелік банкнот айналымнан шықпақ

фото nationalbank
Қыркүйектің соңынан бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар айналымнан алынады. Бұл ақша 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ғана дүкендер мен сауда орындарында төлем құралы ретінде қабылданады.
Одан кейін не істейміз?
Уайымдаудың қажеті жоқ. Параллель айналым мерзімі аяқталғаннан кейін де ескі купюралар қолыңызда қалса, оларды кез келген екінші деңгейлі банкке немесе «Қазпошта» бөлімшелеріне үш жыл бойы апарып, жаңа банкноттарға айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі банкноттар
Еске сала кетсек, 2023 жылдың желтоқсанында «сақ стилі» сериясындағы жаңа үлгідегі банкноттар шығарылған болатын. Ал 2024 жылдың наурыз айында олар жаппай айналымға енгізілді.