57 көлік құралы айыптұраққа қойылды

фото ТОПД
Жол көлік оқиғаларының төмендету және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, Мақтаарал ауданы аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз-жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Осыған орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері жол көлік оқиғаларының алдын-алу бағытында күшейтілген күн тәртібімен жұмыс жасауда. Полицейлер көлік жүргізушілеріне жол жүру ережесінің талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген жадынамаларды таратуда.
Бұдан бөлек, өтіп жатқан іс-шара барысында 300-ге жуық жол тәртібін сақтамаған жүргізушілер жауапқа тартылып, оның 57 көлік құралдары айыптұраққа қойылды.