Биыл Шымкентте мектеп оқушылары тегін ыстық тамақ ішуі үшін бюджеттен 9 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Қалада 4 жүз мыңға жуық оқушы бар болса, олардың 100 мыңнан астамы тегін тамақ ішуге құқылы.
«Биылдан бастап 5-11 сыныпта оқитын бірақ әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға да ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз».
Ресми мәліметке қарағанда, биыл Шымкентте оқушылардың мектепте тегін ыстық тамақ ішуі үшін бюджеттен 9 миллиард теңге бөлінген. Қалада 1-4 сыныпта оқитын жүз мыңнан аса оқушы бар. Олардың ішінде 74 мыңнан астамы мемлекеттік мектептерде оқиды. Қалған оқушылар жекеменшік мектептерде білім алады. Ал әлеуметтік әлсіз отбасынан шыққан 5-11 мыныпта оқитын оқушы саны 32 мыңға жуықтайды. Олар да мемлекет есебінен тегін тамақ ішуге құқылы оқушылар қатарына енгізілген.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бізде 1-4 сынып толығымен қамтамасыз етіліп отырған болатын. Айта кететін дүние, Шымкент қаласы осыған дейін 2022 жылдан бастап мемлекеттік қана емес, жекеменшік мектептердегі балаларды 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етіп келген бірден бір өңір болды. Бүгінгі таңда президенттің тапсырмасы бойынша 5-11 сыныптағы балаларға әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балаларға тегін тамақ беру жүзеге асырылып басталынды».
Әкімдік өкілінің сөзінше, оқушыларға берілетін тамақтың құнарына, көлеміне жіті мән беріледі. Оның сапасынан бастап салмағына дейін ойластырылған. Қала бойынша бағасы да белгіленген.
Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Жалпы бір реттік мектептегі тамақтану нормасының калькуляциясына сәйкес бұл жерде тамақтану грамы бар колларажы бар, бір баланың орташа тамақтану бағасы Шымкент қаласы бойынша 677 теңгені құрап отыр».
Айта кетейік, қалада 397 мыңнан аса оқушы мектепте білім алады. Оның 28 мыңнан астамы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Дилара Иса