Түркістан облысы Сайрам ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынан өзіне өзі ол салған. Қазір ерлі-зайыптылардың артында қалған 4 баласын мемлекет қарауға алған. Жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын тілшіміз анықтауға тырысып көрді.
«Кухнядан кішкентай балғаны тауып шықты да, мына жерде екен балғамен ұрды деп. Балғаның осындай жағы кірген, қан болып тұр. Мен өз көзіммен көргенім және шашы жабысқан балғаға».
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 56 жастағы еркек 45 жастағы әйелінің басына балтамен ұрып өлтіріп, артынан дәретханада өзіне өзі қол жұмсап қайтыс болды. Тұрғындардың айтуынша таңертең анасының аулада қансырап қайтыс болғанын – қызы, әкесінің асылып қалғанын ұлы көрген. Қайғылы оқиғаның болғанына бір апта өтсе де ауыл халқы әлі күнге ес жинай алмай отыр.
«Баланың айқайын естігенде, далаға жүгіріп шықтым. Көшеге шықсам «мамам құлап жатыр, тұра алмай жатыр» деді. Жүгіріп келсем бірінші мына жердің бәрі қан болып жатыр. Екіншіден қарындасымыз мына жерге жатқан еді».
Марқұмдардың көршісі әрі туысы Давлат Ариповтың сөзінше, әйелдің денесін көргенде танымай қалған. «Жауыздықпен өлтіргенін көріп, қорқып кеттік» дейді ол. Күйеуін іздегенде оның денесі дәпетханадан табылған.
«Мен өз әйеліме қол жұмсадым» деген. Қалай жұмсағанын айтпаған. Себебі зина көбейіп кетті. Неғып мына машинада жүр деп айтты. Одан кейін мен сондай істедім дейді».
Ерлі-зайыптылардың отбасы құрғанына 15 жылға жуықтаған. Екеуінің ортақ 4 баласы бар. Үлкені 13 жаста, кенжесі 4 жаста. Балаларының кенжесі ерекше бала. Отбасы осы баласының жәрдемақысымен күн көрген. Еркек жұмыссыз, отбасы жоқшылықтан қиналған. Көршілерінің сөзінше, ер адам жұбайының опасыздығына байланысты ауыр қадамға барғанын айтып, соңғы сөзін телефонына аудио түрінде қалдырыпты. Бірақ мұны әйелдің туыстары жоққа шығарып отыр.
Мухаббат Мырхадиева, марқұм әйелдің әпкесі: «Жуып жатқан кезде сіңлімнің мына жерде еті мынанша шығып қалған. Тартып тіккен. Мына көзін мына жерден тартып тігіп қойған. Мына жағы жыртылған. Бәрін тігіп қойған. Мына жерлері де жыртылған. Қолдарын көрейін дедік. Етінің бәрі мына жерге дейін түрілген. Денесінің сау жері жоқ. Ұрғаны білініп тұр. Балғамен ұрғаны анық көрініп тұр. Екі рет ұрған. Шашын жуайын деп басын көтеріп қалсақ былқылдап жатыр. Шашының арасы шөп, құм. Артын жуайын деп едік, құм, шағал денесіне батып кеткен. Сүйреген кезде денесіне кіріп қалған. Қолыммен сылап-сылап шығардым. Өзімді зорға басып тұрмын. Сіңлімді бұл дәрежеде көремін деп ойламадым. Жауыздықпен өлтірген. Мақұл ұрсын жаман болса. Қолын сындырсын, аяғын сындырсын. Бұлай жауызша өлтірудің керегі жоқ. Төрт бала шырылдап қалды ғой. Кім бағады 4 баласын».
Марқұм ерлі-зайыптының төрт баласы мемлекет қарауына өткен. Оларды әйелдің туыстары өз қарауына алғысы келеді. Олар тергеу ісіне де күмәнмен қарап отыр. Ал полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын үй жағдайында жұбайына дене жарақатын салған.
Салдарынан ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген»
Түркістан облыстық полиция департаменті
Полиция тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.
Дилара Иса