Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына Сарыағаш ауданының тұрғыны “А” есімді азаматша хабарласып, өзінің заңды некедегі күйеуінен отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жатқаны бойынша арызданады.
Аталған жайт бойынша полицейлер заңды некедегі күйеуі “Б” есімді азаматқа қатысты Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша іс қозғап, анық-қанығына көз жеткізеді. Нәтижесінде азамат Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотымен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды.
Осы орайда айта кететін жайт Сарыағаш ауданында жыл басынан бері Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында 69 азамат әкімшілік қамауға алынып, арнайы қабылдау орнында өз жазасын өтеп, профилактикалық есепке алынған.
Өз кезегінде аудандық Полиция Басқармасы Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда қажетті жұмыстарды атқарып жатқандығын және осындай жағдайға тап болған азаматшаларды полиция бөліміне міндетті түрде хабардасу керек екендігін ескертеді.