Шымкентте автобустардағы жолақы қымбаттауы мүмкін. Бұған дейін тұрғындар 70 теңге төлеп келсе, енді баға 120 теңгеге көтерілуі ықтимал. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен кездесу барысында айтты.
Әкімнің айтуынша, тегін жүру құқығы бар азаматтар үшін бұрынғы жеңілдіктер сақталады. Атап айтқанда, зейнеткерлер мен оқушылар қоғамдық көлікте ақысыз қатынай береді.