Шардара аудандық полициясы оқушыларды Білім күнімен құттықтады. 1 қыркүйек — ерекше күн, жылылық пен жарқын үміттерге, жаңа бастамаларға толы. Осы күні бүлдіршіндерге ересектердің назар аударуы мен қолдауы өте маңызды — ал осындай қамқорлықты дәстүр бойынша полиция қызметкерлері көрсетуде.
Полицейлер бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге қазақ полициясының ойыншық көліктерін сыйға тартып, олардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Балдырғандарға мектеп ережелерін түсіндіріп, жаңа оқу жылына зор табыс тіледі.
Өңір полицейлері оқушыларды құттықтаумен қатар, облыстың барлық мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Оқу жылының алғашқы күндерінде олар жол қозғалысы ережелері бойынша ашық сабақтар мен әңгімелер өткізіп, балаларға жолда абай болудың маңыздылығын еске салады.