Чемпион бауырлар: Махмуд пен Төрехан Сабырхан елге оралды

фото Отырар.кз

Қазақстанның абыройын асқақтатқан спортшылар Махмуд пен Төрехан Сабырхандар елге оралды. Олар Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.

Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған қос батырды әуежайдан туған-туыстары, жанкүйерлері мен жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Қолына ту ұстап, жеңіс әнін шырқаған көпшілік чемпиондарын айрықша құрметпен, салтанатты түрде күтіп, қуаныштарымен бөлісті.