Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.
Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар, яғни, 90,3 пайызды құрайды. Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар яғни, 82,4 пайыз, 46-60 жастағылар 78,6 пайыз және 61 жастан асқандар 77,8 пайыз болып тұр.
Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары, бұл өз кезегінде сәйкесінше, 84,9 пайыз және 80,9 пайызды құрап отыр.
Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.
Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері 89,6 пайыз, денсаулық сақтау мамандары 84,5 пайыз, мемлекеттік қызметшілер 87,1 пайыз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 96,9 пайыз, ауыл шаруашылық саласының өкілдері 86,2 пайыз, ғылым 85,7 пайыз, мәдениет пен өнер саласының мамандары 85,9 пайызды құрап отыр.
Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.