«Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда». Осындай атаумен Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына орай халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Жиынға Қазақстаннан, ТМД елдерінен және алыс жақын шетелден келген жетекші мамандар қатысып, кардиохирургия саласындағы тәжірибе алмасу мен озық шешімдер жөнінде ой бөлісті.
Еліміздегі, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдегі білікті кардиохирургтардың басын қосқан бұл халықаралық жиында Қазақстандағы медициналық ғылымды дамыту, өңірдің ғылыми әлеуетін нығайту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Шымкент жүрек орталығы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мақсат,аймақтағы ғылыми әріптестікті нығайту, кардиология саласындағы зерттеулерді дамыту.
Шетелдік мамандармен бірлесіп, медицина саласын дамытуға бағытталған арнайы халықаралық жиынға отандық және шетелдік жетекші медицина мамандары, салалық сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты. Конгресс аясында қазіргі заманғы медициналық тәжірибе, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу және кадрлық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жаһандық тәжірибе алмасу арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласын сапалы жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері қарастырылды.
Ақылбек Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті: «Қазір әлемдік деңгейде біздің отандық ғылымды көтеру үшін, бізге жетпейтін, компентеция бар. Бізге жетпейтін ғылыми бағыттарды қайтадан қалыптастыру керекпіз. Бұл өте маңызды. Сондықтан, біздің мақсатымыз жаңа институтатарды қалыптастыру. Осындай бірнеше ұйымдарды реттеп ашып жатырмыз».
Шымкент қаласында кардиохирургия саласы соңғы жылдары айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Заманауи технологиялар мен жоғары білікті мамандардың арқасында жүрек ауруларына жасалатын күрделі операциялар саны артып, науқастарға медициналық көмек көрсету сапасы едәуір жақсарған. Сонымен қатар, жүрек трансплантациясы сәтті жүзеге асырылды дейді мамандар. Бұл біз үшін медицина саласындағы үлкен жетістігіміз деп отыр.
Гүлмира Әліпова, Шымкент жүрек орталығының емдеу ісі бойынша орынбасары: «Басында біз тек орта кардиналдық шнутирование операциясын істеп жүрсек, коапондарға операция жасайтын болсақ, қазіргі таңда барлық кардиохирургия саласындағы барлық оталар бізде жасалады. 2021 жылдан бастап, жүрек трансплантациясы оталары жасалынып, донорлық ота жасалынды. Жүректің жасанды сол жақ қарыншасына элвать қондырғысын орнату, ондай қондырғы осы кеше ғана 23 қондырғы қойылды. Бұл біз үшін жетістік деп санаймын».
Шымкент қаласында жүрекке жасалатын операциялардың дамуы отандық медицинаның өркендеуінің бір көрінісі. Медициналық мекемелердің заманауи құралдармен жабдықталуы, білікті мамандардың көбейіп, халықаралық тәжірибелерді енгізуі жүрек ауруларымен күресте үлкен жетістіктерге жол ашуда. Алдағы жылдары бұл бағыттағы даму қарқыны одан әрі жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосары сөзсіз.
Нұргүл Жолымбетова