Республика көлемінде өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы Сайрам ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол-көлік тәртібін арттыру мақсатында жүргізіде.
Іс-шара барсында 520-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталып, 22 көлік құралы айып тұрағына қойылды. Атап айтқанда 2 жүргізуші көлік құралын мас күйде басқарған, 4 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан, 12 жағдайда жолаушыларды тасымалдау ережелері бұзылған, 23 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 127 жаяу жүргінші жолды кесіп өту ережелерін бұзған.
