Мал базарында санитарлық талаптар сақталмаған ба?

фото Отырар.кз

Кезекті кездесу, әдеттегідей ашық форматта өтті. Жиында халық өздерін алаңдатқан бірқатар көкейтесті мәселелерін алға тартып, ұсыныстарын жеткізді. Бұл жолы, халықтың басым көрпшілігі, балалар ойын алашасы мен базарларға қатысты проблемаларды көтерді. 

Бұл кездесуде қариялар алдымен мал базарындағы санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты шағымын жеткізді. Зейнеткердің айтуынша, кейбір сауда орындарында тазалық нормалары ескерілмеген. Бұл жағдай тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, базарға жету жолдары да сын көтермейді деді қария.

«Осы отырған халыққа азық-түлік керек. Оның ішінде ең керектісі ет. Ет базарда тұрады. Шымқалада үлкен базар бар. Барып-қайту азаптың азабы. Жол тар. Шұқыр тесік. Депутатқа осыны амант қылып тапсырып едім. Базарларды реттейік».

«Базарлар алдағы уақытта модериназациядан өткізіледі. Егер жылдың соңына дейін реттемесе, жабылады. Ал мал базары бойынша дайын емеспін жауап беруге. Егесімен сөйлесейік».

Сонымен қатар, кәріз жүйесінің толып қалу мәселесі маңызды тақырып ретінде көтерілді. Жергілікті халықтың айтуынша, кәріз жүйелері жиі толып қалып жатыр. Өйткені, құбыр жолдары төмендеп кеткен. Сондықтан, қалдықтар жоғары көтерілмейді. Бұдан бөлек, тұрғындар балалар үшін футбол алаңын салып беруді сұрады.

«Кәріз құдығы, соның қобырлары. Кәрізі құдығы төмендеп кеткен. Кәріз суы орталыққа жете алмай тұр. Ай сайын екі үш рет тазалайтын мамандар шақырамыз. Екінші мәселе біздің немерелерімізге тиесілі. Балалар асфальт үстінде футбол ойнайды. Балалар алаңы бар, сол жерде жер бар».

«Болды ақсақал келесі жылға қарастырамыз. Жер болса, салып береміз».

Балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан, әкім бұл бағытта арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын, алдағы уақытта жаңа ойын алаңдарын салу және кейбірін жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Нұргүл Жолымбетова