Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру мақсатында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жетісай ауданында да өтуде.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау,
Жаяу жүргіншілердің, велосипед және мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу және парақшалар тарату жұмыстары қолға алынуда.
Рейдтік шара нәтижесінде 134 құқықбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Оның ішінде көлік құралын мас халде басқару бойынша 1жайт, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 2 жайты анықталды.
Полиция қызметкерлері әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншіні жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – өз қолыңызда!