«MISS SHYMKENT 2025» – Тәж иесі анықталды

фото Отырар.кз

 

Шымкенттің ең сұлу аруы белгілі болды. Биылғы байқаудың жеңімпазы – 19 жастағы болашақ сәулетші — Нұрай Айнабек. 12 қыркүйек күні өткен сайысқа барлығы 15 үміткер қатысты. Әрқайсысы өз өнерін, білімін және сымбатын жиналған көпшілікке паш етті.

Қатысушылардың айтуынша, «Мисс Шымкент» байқауы тек сыртқы сұлулықты ғана емес, сонымен бірге сұлулыққа сай кішіпейілділік, ақылдылық пен инабаттылықты қатар талап етеді.

Айта кетейік, бұл іс-шара жас арулардың өзіндік қырларын танытып, олардың жан-жақты болмыстарын көрсетуге мүмкіндік берді.