Қалалық сотта семинар өтті

фото ШҚСБҚ

Шымкент қалалық сотында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданысы: қазіргі жағдайы және дамыту жолдары» тақырыбында аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының қатысуларымен семинар өтті. Қалалық соттың судьясы, модератор Тамара Смайлова жиынды ашып, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ғ.Укшебаев, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы О.Сейсентаев және Шымкент қаласының мамандандырылған кәмелетке толмағандар сотының судьясы Қ.Сапар баяндама жасады.

Іс-шараның басты мақсаты – сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін арттыру, сот ісін жүргізудегі тәжірибелермен бөлісу және бұл бағыттағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру болды.

Семинардың модераторы, Шымкент қалалық сотының судьясы Тамара Смайлова жиынды ашып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – ұлттық мүддені қорғау екенін атап өтті. Жиын барысында қатысушылар сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің нақты қолданылу деңгейіне тоқталып, қол жеткізілген жетістіктер мен кездесіп отырған қиындықтарды ашық талқылады. Судьялар қазақ тіліндегі сот актілерін сапалы дайындау, іс жүргізу құжаттарының сауатты әрі заң талаптарына сай жазылуы, мемлекеттік тілде жүргізілетін істердің үлесін арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Семинар аясында баяндамалар тыңдалып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдіру үшін кадрлардың тілдік біліктілігін арттыру, құқықтық құжаттамаларды сапалы аудару, мамандандырылған оқыту курстарын ұйымдастыру сынды ұсыныстар ортаға салынды. Қатысушылар бұл семинардың практикалық маңызын ерекше атап өтіп, мұндай кездесулердің сот жүйесінде мемлекеттік тілді дамытуға серпін беретініне сенім білдірді. Қорытындысында, жиынға қатысушылар сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортақ құжат түрінде бекітті. Іс-шараны қорытындылай келе, Тамара Қалиқызы күн тәртібіндегі ұсыныстар келешекте сот жүйесінің дамуына үлес қосатынын айтып, қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.