Шымкенттік нәзік жанды Арбаттағы қоғамдық дәретхананың мүлкін бүлдірмек болды. Қоғамдық орында орынсыз әрекет жасаған әйел әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оқиға Арбат аумағында орналасқан қоғамдық дәретханада орын алған.
Желіде тараған видеода әйел кенеттен әжетхананы теуіп кіріп, ішіндегі гүл салынған құтыны лақтырып жібергені көрінеді. Жанында жүрген адамдар оны тоқтатуға тырысқан. Біршама уақыттан соң, ол әрекетін доғарып, сол жерден кетіп қалған. Қалалық полиция департаменті әйелге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Аталған жайт бойынша азаматша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оған қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, алдағы уақытта құқыққа қайшы келетін әрекеттерге жол бермеу қажеттігі жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді».
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Нұргүл Жолымбетова