Шымкент: 8 айда 35 отбасы солтүстікке көшкен

Оңтүстік өңірінен солтүстікке қоныс аударғандар саны артып келеді. Мәселен, биыл Шымкент қаласынан 35 отбасы көшіп отыр. Олардың басым көпшілігі Павлодар облысына қоныс аударған. Сонымен қатар, бірқатар отбасы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау, облыстырына орналасқан. Арна тілшісі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына көшкен отбасымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы туралы сұрап білді.

Әйгерім Нұрбекова: «Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласына қоныс аудардым 1 айға жуық уақыт болды. Мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алдым, жұмысқа орналастым. Шемонаиха ауданы «Мансап орталығы» КММ директоры болып. Үйді жалдап тұрып жатырмын оны да мемлекеттен төлеп жатыр. Сондай-ақ, жолдасым, грант ұтты. Жеке кәсібін ашқалы жатыр. Балаларым, қазақ мектептерінде оқиды. Алдағы уақытта үй сатып алуды қарастырып отырмыз. Егер, көңілімізге жаққан үй болса, мемлекет 50 пайызын төлеп береді».

Солтүстік өңіріне қоныс аударған отбасы осында 5 жыл бойы тұрып, жұмыс істеуі тиіс. Биыл арнайы келісімшартпен Шымкент қаласынан 35 отбасы, яғни, 150 адам қоныс аударған. Оларға да, мемлекет тарапынан толық көмек беріліп, жұмыспен қамту, үймен қамтамасыз ету, бір реттік көмек берілді. Яғни, бір адамға 275 мың теңге төленеді. Бұл жол шығындары үшін. Сонымен қатар, 12 ай бойы пәтер жалдау үшін де қаражат қаралған.

Нұртаза Мыңбаев,  Абай ауданы бойынша мансап орталығының бөлім басшысы: «Өңіраралық жұмыспен қамту, бізде көші-қон заңнамасына сәйкес, мемлекеттің бекітілген квотаға сәйкес облыстарға жолдаймыз. Ол қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары кіреді. Ақмола облысына қандас мәртебесі бар азаматтар кіреді. Осы өңірлерідегі жетіспеушілік мамандықтарына өңіріміздің азаматтарын жолдауға жоспарымыз бар. Басқармамен мың адам жіберу керектігі жоспарланған. Біз қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. 12 ай бойы тұрғын үйді жалдауға қаражат берілген. Қалалық жерде тұратын болса, 30 АЕК. Ал ауылды жер болса, 21 АЕК».

Айта кетейік, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін Шымкент қаласынан 159 отбасы 592 адам қоныс аударған.

Нұргүл Жолымбетова