Шымкент: Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

фото ҚБББҚ

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып 41 жастағы Қуаныш Ысқақов тағайындалды.

Қуаныш Ғалымжанұлы – 31 наурыз 1984 жылы дүниеге келген. Үш бірдей жоғары оқу орнын тәмамдап, қаржы, басқару және педагогика саласында білімін жетілдірген:
• 2005 ж. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ,
• 2015 ж. – «Мирас» университеті,
• 2018 ж. – Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті.
Еңбек жолы:
• 2005–2006 жж. – Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы
• 2006–2007 жж. – ОҚО мәдениет басқармасының жетекші маманы
• 2007–2008 жж. – «Халықаралық Абай клубы» ЖШС-нің бас есепшісі
• 2008–2014 жж. – Шымкент қалалық қаржы бөлімінде түрлі жауапты қызметтер (бас маман, сектор меңгерушісі)
• 2014–2015 жж. – Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары
• 2015–2016 жж. – «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары
• 2016–2017 жж. – Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі
• 2017 ж. – «КЗ Фармация» ЖШС-ның қаржы директоры
• 2017–2018 жж. – Ордабасы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
• 2020–2021 жж. – «Шымкент ӘКК» АҚ-ы (менеджер, бөлім басшысы)
• 2021–2024 жж. – Кентау қаласы әкімінің орынбасары
• 2024–2025 жж. – Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

Осы уақытқа дейін қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл қызметті Гүлназ Сүлейменова атқарды. Биылғы жылдың наурыз айының 17 -не тағайындалған басшы басқарма креслосында 6 ай ғана отырды. Ал оған дейін 2024 жылдың қараша айында Тоғжан Манкешова 4 ай ғана білім басқармасының тізгінін ұстапты. Сонымен білім басқармасына басшы тұрақтамай-ақ қойған болатын.