Шымкент дәрігерлері алғаш рет кеңірдек бифуркациясының резекциясын жасады

фото ШӨКҚ
Шымкент қалалық онкологиялық орталықта қатерлі ісікке шалдыққан 37 жастағы науқасқа кеңірдек бифуркациясының резекциясы жасалды. Операция барысында дәрігерлер науқастың оң және сол жақ бронхтарын, кеңірдек бифуркациясын кесіп алып, реконструкциялық жолмен жаңа бифуркация жасады.
Аса күрделі операциялар қатарына жататын ота тек қаламызда ғана емес еліміздің онкологиялық диспансерлері арасында алғаш рет жүзеге асырылды. Аталған операция дәрігерлерден жоғары біліктілікпен қатар командалық жұмысты талап етеді.
Мұндай жоғарғы технологиялық операцияларды тәжірибеге енгізу мақсатында онкологиялық орталық Ресейдің Н.Н. Петров атындағы онкология ұлттық медициналық зерттеу орталығымен тығыз байланыс орнатқан. Орталық қызметкерлері арнайы шақыртылған Ресейдің жетекші мамандарының шеберлік сабақтарына тұрақты түрде қатысып, біліктілігін арттырып отырады.