Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау – прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі. Осы орайда жүргізілген қадағалау шаралары барысында жалпы сомасы 61 миллион теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Халықтың пікірін ескеру – қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудағы маңызды талаптардың бірі.
Атап айтқанда, ойын алаңы салынады деп жоспарланған аумақ тұрғындарының бастамасы мен қолдауы тіркелмеген, ал смета бойынша құрылыс жұмыстарына бөлінген 61,3 миллион теңге бюджеттік қаржының мақсатқа сай пайдаланылуы үлкен күмән тудырған. Прокуратураның ықпалымен заңбұзушылықтың жолы кесілді
Тұран ауданы прокуратурасы бұл дерек бойынша тиісті тексеру жүргізіп, жоспарланған сатып алудың заңсыз екенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде: Мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген заңсыз жоба кері қайтарылды; 61 миллион теңгеден астам қаражат үнемделіп, негізсіз шығынның жолы кесілді; Жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Бұл жағдай мемлекеттік сатып алулар саласында ашықтық пен заңдылықтың сақталуында қадағалау органдарының рөлінің зор екенін тағы бір көрсетті. Прокуратура тарапынан жасалған жедел әрекет мемлекеттік қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылаудың күшейтілгенін білдіреді.
Тұран ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да: Мемлекеттік сатып алулар бойынша құқықбұзушылықтарды болдырмауға; Халықтың қатысуынсыз қабылданған шешімдерді анықтап, олардың күшін жоюға; Бюджет қаражатының ұрлануы мен ысырап болуына жол бермеугебағытталған жұмыстарды жалғастыра бермек.
Мемлекет қаржысының әрбір тиыны – халықтың аманаты. Осы орайда Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасының бұл әрекеті тек қаржылық тәртіпті нығайту ғана емес, сонымен бірге қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Мұндай құқықтық бақылау шаралары – халықтың игілігі үшін бөлінген қаражаттың тиісті мақсатта жұмсалуын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Сондықтан да әрбір азамат, әрбір ұйым өз ісінде заңдылықты басшылыққа алып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу процесі «Халық қатысатын бюджетті» іске асыруды қамтиды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде жергілікті атқарушы органның сатып алу жоспарынан 61 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының жұмсалуын негізсіз жоспарлау алынып тасталды, жол берілген бұзушылық үшін аудан әкімі аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.