Ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту – Kcell компаниясы жүзеге асырып жатқан «250+» жобасының басты мақсаты. 2025 жылдың басынан бері Түркістан облысындағы халқы 250-ден асатын 35 ауылда жаңа 4G базалық станциялары орнатылып, 10 мыңнан астам тұрғын сапалы мобильді интернетпен қамтылды.
Бұл бастама шалғай өңірлердің цифрлық дамуына тың серпін беріп отыр. Жоба аясында Кселл компаниясы ауылдық аймақтарға да ұялы байланысты жеткізуді стратегиялық мақсат етіп алған. Бүгінде елімізде салынып жатқан базалық станциялардың 75%-дан астамы дәл осы 4G желісіне тиесілі. Ұялы байланыс және wi-fi роутер заманауи цифрлық қызметтерге қажетті тұрақты және жылдам қосылуды қамтамасыз етеді. Яғни ауыл тұрғындарына интернетпен қатар телемедицина, қашықтықтан оқыту, онлайн-банкинг және кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндік береді.
«Kcell» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин бұл жобаның әлеуметтік маңызын ерекше атап өтті: «Біз үшін «250+» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді шешім. Әрбір базалық станция — бұл жаңа мүмкіндіктерге ашылған есік. Біздің басты мақсатымыз — ауыл мен қаланың арасындағы цифрлық теңдікті қамтамасыз ету».
Компанияның мұндай бағыттағы жұмысы өңірдегі интернет трафиктің өсу қарқынымен расталып отыр. Мысалы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысында интернет тұтыну көлемі 114%-ға, ал тек маусым айында 143%-ға артқан. Бұл тек желі сапасының жақсаруымен ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың цифрлық өмір салтына көшуімен де байланысты. Халық интернетті тек байланыс үшін емес, жұмыс, оқу, сауда-саттық және түрлі онлайн сервистерге белсенді түрде пайдаланып жатыр.
Бүгінде Kcell-дің 4G желісі Қазақстан халқының 80%-дан астамын, ал 5G желісі елдің шамамен 50%-ын қамтиды. Бейне-контент пен интерактивті қызметтерді тұтыну көлемінің артуы компанияны инфрақұрылымға үздіксіз инвестиция салуға итермелеп отыр.
«250+» – бұл болашаққа бағытталған әлеуметтік жоба. Ол тек байланыс сапасын жақсартып қоймай, еліміздің ауыл аймақтарындағы өмір сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.