«Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
– ЕҚҚІҚТ қызметкерлері Жамбыл ауданы ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп Кызыләскер ауылында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Санкцияланған тінту барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тұрғын үйдің ауласында, қоршаудың бойында ерекше иісі бар кептірілген 31 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 10 килограмм 680 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.
Бұдан бөлек, полицейлер ұсталған азаматтың үйінен ішіне полиэтилен пакет салынған полимер қапты тапты. Оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік тектес зат сарапшылардың қорытындысы бойынша кептірілген марихуана болып шықты. Оның салмағы – 2 килограмм 306 грамм.
Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 килограмнан асты.
– Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полициясында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды, – деп түйіндеді полицейлер.