Қ. Тоқаев мемлекеттік органдарды бизнестегі қатаң тексерулер үшін сынға алды: «Бұл – жол беруге болмайтын жағдай»
Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік органдардың ескерту шараларының орнына бизнеске қатысты қатаң шаралар қабылдауы – орынсыз. Сондай-ақ ол «негізсіз көбейіп кеткен мемлекеттік компаниялар бизнестің дамуына мүмкіндік бермей отыр» деп есептейді.
«Маған мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты ескерту шараларының орнына қатаң әкімшілік шешімдер қабылдап жатқаны жөнінде ақпарат түсіп жатыр. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай. Бизнесті артық тексерістерден қорғаудың маңызды тетігі – міндетті талаптар тізілімі болуы тиіс», – деді ол.