Қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы «i-Kolik» қосымшасы әзірленді

86

Шымкент қаласында көлік саласын цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Бұған дейін қоғамдық көліктерде электрондық билеттеу жүйесі енгізілгені мәлім.

Шаһарда бүгінгі таңда қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы «i-Kolik» қосымшасы әзірленді. 2021 жылдың 19-20 сәуір күні Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфондарға бастыруға мүмкіндік пайда болады. Бұл жоба өз кезегінде тұрғындардың қоғамдық көлік қозғалысы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде дауыстық хабарлама енгізу жұмыстары басталады. Байқауға 563 өтініш келіп түскен. Үздік дауысты анықтау жұмысы жалғасуда.