CoronaVac: Қазақстанға вакцинаның төртінші түрі жеткізілді

164

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 4 вакцинаны қолдануға ресми түрде рұқсат етілген. Олар: Спутник V, отандық QazVac және Қытайдың Hayat-Vax технологиясын қолданып жасалған араб препаратымен қоса, жақында елге жеткізілген қытайлық CoronaVac вакцинасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша қытайлық жаңа CoronaVac препараты қазақстандықтар арасында өте танымал. Бұған көбіне жастар қызығушылық танытады екен. Қытайлық вакцина коронавирус инфекциясын адам ағзасына өлі күйде жеткізеді және иммундық реакция тудырады. Сарапшылардың пікірінше, адам індетке шалдыққан күнің өзінде аталмыш екпе оны ауыр сырқаттанудан және ауруханаға жатудан сақтайды.

Ботакөз Жұмабекова, Шымкент қалалық № 14 емхана меңгерушісі: «Бүгінгі таңда ҚР-да, сондай-ақ Шымкент қаласында, біздің емханада 14 вакцинаның 4 түрі бар. Бұл QazVac, Спутник V, Hayat-Vax және CoronaVac. Соңғы екі вакцина Қытай өнімі. Вакцина екі дозадан тұрады. Біз 450 дозаны алдық. Дозалар арасындағы интервал 14 -28 күн. Негізінен вакцинаға Қытай Халық Республикасында оқитын студенттер қызығушылық танытты. Себебі қытай тек өз өндірісінің вакцинасын қабылдайды».

Барлық вакциналар сияқты CoronaVac-тың да өзіндік ерекшеліктері бар. Препаратты 18 жасқа дейінгі адамдарға, жүкті және емізетін әйелдерге салуға болмайды. Сондай-ақ, созылмалы аурулардың өршуі кезінде, қан аурулары, неоплазмалар және вакцинаның кез-келген компонентіне аллергиялық реакциялары барларға егуге арналмаған.

Ботакөз Жұмабекова, Шымкент қалалық № 14 емхана меңгерушісі: «Созылмалы ауруы бар көптеген адамдар вакцинациядан бас тартады. Іс жүзінде бұл дұрыс емес. Керісінше, созылмалы аурулары бар адамдар вакцинаны алуы керек. Себебі бұл адамдар үшін вирус басқаларға қарағанда қауіптірек. Әрбір вакцинадан кейінгі жанама рекциялардың бәрі бірдей болады. Мысалы олар: инъекция орнындағы ауырсыну, жалпы аурулар, әлсіздік, бас ауруы және дене қызуы. Ал, жанама әсерлер дегеніміз — анафилактикалық шок, ауыр аллергиялық реакциялар, конвульсиялық синдром және 40 градустан жоғары дене қызуы болып табылады».

Дегенмен қытайлық вакцина шымкенттіктер арасында әлі танымал емес екен. Қала тұрғындарының көпшілігі қазақстандық QazVac және ресейлік Спутник V екпелерін таңдайды.

Қазақстанда тәжівирусына қарсы вакцинаның бесінші түрі пайда болуы мүмкін. Оның атауы — QazCoVac-P. Бұл отандық екінші препарат. Бүгінде екпені Таразда еріктілер қабылдап үлгерген. Айтпақшы сынамаға ерікті түрде келіскендері үшін оларға 200 мың теңгеден берілуде.